Атыраудағы мұнай зауытында өрт болды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
АНПЗ
фото: Atyrau Oil/бильд-редактор Адэлина Мамедова

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы тазалау құбырларында өрт шықты. Бірақ оқыс жағдайға қарамастан кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорын ақпаратынша, өрт 25 тамызда 12:35 сағатта болған. Қазір өрт сөндірілді.

От жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышынан шыққан. Қондырғының ішіндегі мұнай қалдықтары жанған. Зауыттың баспасөз қызметі оқиға болған кезде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмегенін атап өтті. Зардап шеккендер жоқ.

7 тамызда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Мұратжан Мұсайбеков тағайындаған еді. Ол бұл қызметте Қуаныш Бишимовтың орнына келді.  

Зауыт биыл жылына 6,1 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз