Сырдария өзеніне батып кеткен ағайындылардың екіншісі табылды

22 тамызда Түркістан облысы Үшайық ауылы маңындағы Сырдария өзеніне батып кеткен екі ағайындының бірі үш күннен кейін табылды. Ал ағайындалардың кішісі, 25 тамыз түнгі бірлерде табылған. 2002 жылғы ер азаматтың мәйіті шомылған жерден шамамен алты шақырым қашықтықтан табылған.
Бүгінде Сырдария өзеніне батып кеткен екі адамды іздестіру жұмыстары аяқталды. Екінші азаматтың мәйіті 25 тамыз күні таңертең судан шығарылды.
«25 тамыз күні таңертеңгі жағдай бойынша екінші азаматты іздеуге құтқарушылар жасағы, үш ұшу аппараты және төрт техника жұмылдырылды. Сағат 09:45-те мәйіт судан шығарылды», – деп хабарлады ТЖД.
Otyrar.kz басылымының дерегінше, қаза тапқандар 22 және 28 жастағы ағайынды жігіттер. Олар өзен жағасында демалып жүрген кезде, кенеттен кішісі ағыны қатты жерге түсіп кеткен. Үлкені оған көмектесуге ұмтылған, алайда екеуі де суға батып кеткен.
Сондай-ақ басылым бұл қайғылы оқиға Сырдарияның шомылуға тыйым салынған учаскесінде болғанын хабарлайды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының құтқарушылары, полицейлер, дәрігерлер, жергілікті тұрғындар мен туыстары қатысты. Барлығы операцияға 90-ға жуық адам жұмылдырылды.
22 тамызда Сырдария өзеніне екі ағайынды жігіт Сейдан Жәлімбет Темірәліұлы мен Сейдан Жанболат Темірәліұлы батып кетті. Оқиға 22 тамызда түскі 14.00 шамасында болған.