Ескі көлікті кәдеге жарату үшін берілетін жеңілдіктердің мөлшері анықталды

Қазақстанда ескі көлігін кәдеге жаратуға тапсырғандарға берілетін жеңілдіктердің мөлшері белгілі болды. Ең жоғары жеңілдік 750 мың теңгені құрайды. Бұл туралы Kursiv.media Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Жасыл даму» компаниясы ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасын биыл қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Сертификаттың мөлшері көлік құралының санатына байланысты болады.
Жеңіл көліктер үшін мынадай сертификаттар қарастырылған:
- M1 санаты – 315 мың теңге;
- M2 – 550 мың теңге;
- M3 – 750 мың теңге.
Жүк көліктеріне берілетін сертификат мөлшері:
- N1 және N2 – 550 мың теңге;
- N3 – 750 мың теңге.
Сертификатты ескі көлікті кәдеге жаратуға тапсырғаннан кейін алуға болады. Оны тек жаңа көлік сатып алуға пайдалануға рұқсат етіледі.
Айта кетейік, сертификат бір жыл бойы жарамды болады. Оның иесі сертификатты басқа адамға бере алады, бірақ мұны үш реттен артық жасауға болмайды. Бір автокөлік сатып алған кезде екі сертификатқа дейін пайдалануға рұқсат етіледі. Ал ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін төрт сертификатқа дейін қолдануға болады.