FlyArystan әуебилеттеріне 15% жеңілдік науқанын бастайды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Дастан Шанай

FlyArystan әуекомпаниясы бірқатар ішкі және халықаралық бағыттарға әуебилеттерді 15% жеңілдікпен ұсынатын екі күндік науқан бастайды.

Компанияның хабарлауынша, науқан 2026 жылғы 26 және 27 тамызда өтеді. Осы кезеңде жолаушылар 2026 жылғы 3 қарашадан 17 желтоқсанға дейінгі аралықтағы сапарларға билеттерді арнайы тарифтермен сатып ала алады.

Жеңілдік берілетін ішкі бағыттар:

  • Алматыдан: Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Астана, Семей, Өскемен, Орал және Павлодар.
  • Астанадан: Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Семей, Ақтау, Өскемен және Орал.
  • Атыраудан: Алматы, Шымкент және Ақтау. Ақтаудан: Шымкент, Атырау, Орал және Ақтөбе.

Халықаралық бағыттар:

  • Алматыдан: Чунцин, Самарқан, Үргеніш, Сиань және Инин.
  • Астанадан: Кутаиси, Үрімші, Инин және Ташкент.
  • Ақтаудан: Кутаиси және Үрімші. Атыраудан: Кутаиси.

FlyArystan әуекомпаниясының стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейін және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі кіреді.

Әуекомпания қосымша қызметтерді билетпен бірге рәсімдеуге кеңес береді. Сонда жолаушылар олардың құнынан 70%-ға дейін үнем жасай алады.

Айта кететін жайт, Air Astana мен FlyArystan ұшақтары әзірге Дубайға ұшпайды.

Сондай-ақ оқыңыз