Тоқаев білім саласындағы аты бар, заты жоқ реформаларды тоқтатуды тапсырды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі тамыз конференциясында білім саласын жиі реформалауды доғару керегін айтты.
Президент мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесін жалғастыру керегін, алайда реформа жасаймыз деп бүкіл оқу жүйесін қысқа мерзімде түбегейлі өзгертуге болмайтынын атап өтті.
«Бұрыннан қалған теріс нәтижелер саланың тас-талқанын шығарғаны есімізде. Осындай сынақтар оқу саласына үлкен зиян әкелді. Тек реформа үшін жай ғана аты бар, заты жоқ реформа жүргізуді доғару керек», – деді ол.
Тоқаев реформаларды мұғалімдерді шаршатпай, күйзеліске түсірмей жүргізу қажеттігін жеткізді.