Трамп әкімшілігі визаларға өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты

АҚШ әлем бойынша виза алу үшін жүргізілетін сұхбаттарға жазылуды уақытша тоқтатты. Бұл туралы Дональд Трамптың әкімшілігі хабарлады.
Financial Times басылымының мәліметінше, бұл қадам Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатын қатаңдату бағытымен байланысты болып отыр.
Қазіргі уақытта АҚШ билігі депортация шараларын күшейтіп, визалар мен грин-карталарды жойып, заңды иммиграция талаптарын күрт қатаңдатып жатыр.
АҚШ Мемлекеттік департаменті шешімді дипломатиялық өкілдіктерде басталған ауқымды оқыту бағдарламасымен түсіндірді.
Оқыту кезінде өтініш берушілерді тексеру рәсімін барлық елде бірізді ету көзделген. Әсіресе, үміткердің қаржылық жағдайы жіті тексеріліп, оның АҚШ-қа барғаннан кейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға тәуелді болу ықтималдығы бағаланады.
Оқытудың нақты қанша уақытқа созылатыны және сұхбаттар қашан штаттық режимге оралатыны әзірше белгісіз.
Шектеу Қазақстан азаматтарына да қатысты
21 тамызда Нью-Йорктің федералдық судьясы Жанетт Варгас Мемлекеттік департаменттің Қазақстан мен тағы 74 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді шектейтін бұрынғы шарасын заңсыз деп таныған болатын.