«Жаға ұстайтындай қателерді көрдік»: министр оқулықтарды жаңалау барысы туралы айтты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Қазақ редакциясының шеф-редакторы
Жұлдыз Сүлейменова
Жұлдыз Сүлейменова/фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқулықтарынан 700-ге тарта қате табылғанын мәлімдеді.

Ол барлық оқулықтың мазмұны қаралғанын, барысында облыстардың дұрыс белгіленбеуі, кей тарихи даталардың нақтыланбауы сияқты өрескел қателер анықталғанын атап өтті.

«Біз кезең-кезеңімен жаңа мазмұндағы оқулық басуды бастап кеттік. Қазір 7, 11-сыныптардың оқулықтары басылып болды. Енді 9, 8, 4-сыныптардың оқулықтары сәуір айына дейін басылып шығатын болады», – деді Сүлейменова тамыз конференциясынан кейін тілшілерген берген жауабында.

Министр оқулық басатын 15 баспаның барлығының оқулығын жеке қарағанын, ішінен жаға ұстайтындай қателерді көргенін атап өтті. Енді осының бәрі кезең-кезеңімен жаңармақ.

Тамыз конференциясына президент те қатысып, мектеп бағдарламасына конституция, заң мен тәртіп негіздері курстары не үшін енгізіліп жатқанын түсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз