Астанада тұрғынды бопсалаған ер адам 7 жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Астанада тұрғынын бопсалап, одан 17,6 млн теңге ақша алған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді пайдаланып, оларды жария етемін деп қорқытқан. Осы арқылы ақша талап еткен.

Қысымды күшейту үшін өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, жалған аккаунт арқылы сөйлескен. Сол арқылы да жәбірленушіні ақша беруге көндірген.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін материалдарды ұсынып, темір торға қамалды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарды бопсалауға көнбеуге және қорқыту немесе бопсалау фактілері болған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Жетісуда жасөспірім қыздың интимді фотоларын таратқан күдікті ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз