Непал мен Қытай Гималайдағы жаңа су тасқыны қаупі туралы ескертті

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Непалда су тасқыны
Непал мен Қытай Гималайдағы жаңа су тасқыны қаупі туралы ескертті / Фото: Behance / Skanda Gautam; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Непал мен Қытай жаңа су тасқыны қаупі туралы хабарлады. Құлаған тастар мен мұз өзенді бөгеп тастағандықтан, пайда болған екі көл арнасы тасуы мүмкін, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Reuters ақпаратына сүйенсек, 27 тамызда Непалдың Табиғи апаттармен күрес жөніндегі басқармасы су деңгейінің көтеріліп жатқанын және бөгеттің бұзылу қаупі бар екенін ескертетін хабарлама жариялады.

Қытай алдағы үш күн ішінде пайда болған көлге 3 млн текше метрге дейін су түсуі мүмкін екенін, бұл бөгеттің бұзылу қаупін жоғарылататынын ескертті. Су әсіресе шамамен 1 қыркүйекте көп келуі мүмкін. Келесі аптада болады деп болжанып отырған жауын-шашын одан сайын суды көтеруі ықтимал.

Непал мен Қытайдың Тибет шекаралас аудандарында су тасқынынан кейін іздестіру-құтқару операциялары жалғасуда. 1000-ға жуық адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде, 362 адам қаза тапты.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы Сицзан автономды ауданында болған табиғи апат салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді

Сондай-ақ оқыңыз