Қазақстанда қой еті шамамен 28 пайызға қымбаттады

Қазақстанда ет өнімдері, әсіресе қой етті айтарлықтай қымбаттады. Бұл ет түрінің бағасы 2026 жылдың басынан бері 27,9%-ға пайызға өскен. Ал сиыр еті 15,1%, жылқы еті 14,4%, шошқа еті 11,3%-ға қымбаттады.
Energyprom.kz дерегіне сүйенсек, қаңтар-шілде айларында елде 48,2 мың тонна ет өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға артық.
Халықтың ет тұтынуы тұрақты
Халықтың ет және ет өнімдерін тұтыну көрсеткіші бірқалыпты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында бір қазақстандық орта есеппен 20,7 кг ет пен ет өнімдерін пайдаланған.
Жекелеген ет түрлерінің ішінде ең көп тұтынылатыны – сиыр еті. 2026 жылдың бірінші тоқсанында елдің әр тұрғыны орта есеппен 6 кг сиыр етін жеген. Шошқа етін тұтыну көлемі де өзгерген жоқ. 2021 жылдан бері тоқсанына шамамен 0,8 кг деңгейінде қалып отыр.
Ал қой етін тұтыну 2026 жылдың бірінші тоқсанында бір адамға 1,1 кг болды. Бір жыл бұрын 1,2 кг, бес жыл бұрын 1,1 кг еді.
Жылқы етіне келетін болсақ, 2021 жылдың бірінші тоқсанында бір тұрғын 1,8 кг ет жесе, 2026 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 2,2 кг болды.
Қой еті неге қымбаттады?
Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуір және мамыр айларындағы қой еті бағасының өсуін Құрбан айт қарсаңындағы маусымдық сұраныстың артуымен байланыстырды. Ішкі нарықта тапшылық жоқ екенін. Алайда бұл кезеңнен кейін де қымбаттау тоқтаған жоқ.
Әлемдік нарықта да қой етінің қымбаттауы байқалады. 2026 жылдың шілдесінде ет түрінің халықаралық бағасы жаңа рекордтық деңгейге жетті.
Бұған дейін Арман Шаққалиев қой етінің қымбаттауына не себеп болғанын айтып берген еді.