Geely жасанды интеллектіге негізделген жол талғамайтын технологияларын таныстырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
коллаж: Geely, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Geely Auto компаниясы жасанды интеллектіге негізделген жаңа жол талғамайтын технологиялар кешенін таныстырды.

Carnewschina ақпаратына қарағанда, оның құрамына GTA (Geely Terrain Architecture) шанақ архитектурасы, Thor EM-T күштік қондырғысы және жол талғамайтын көліктерге арналған жасанды интеллектімен басқарылатын цифрлық шасси кіреді. Бұл технологиялар алғаш рет Geely Zhanjian 700 (Geely Galaxy Cruiser 700) моделінде қолданылады.

Архитектурасы

GTA архитектурасында тұтас металл шанақ пен біріктірілген раманың гибридті құрылымы қолданылған. Ол 6 көлденең, 7 тік және 8 сақиналы біріктірілген қаңқадан тұрады.

Geely мәліметінше, мұндай конструкция дәстүрлі бөлінген рамалармен салыстырғанда көліктің салмағын 100 келіге азайтып, шанақтың бұралу қаттылығын 40 000 Н·м/град-тан жоғары деңгейге жеткізеді.

Бұл шешім шасси кеңістігін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Соның арқасында есік табалдырығы мен едені толығымен тегіс жасалып, салондағы кеңістікті пайдалану тиімділігі 80,3%-ға жеткен.

Төбеге түсетін рұқсат етілген жүктеме 16 тоннаға дейін жетеді.

Күштік қондырғысы мен сипаттамалары

Geely EM-T гибридті күштік қондырғысында үш қозғалтқышты толық жетек жүйесі қолданылған. Оның құрамына 2,0 литрлік жол талғамайтын көлікке арналған қозғалтқыш, үш сатылы DHT электр трансмиссиясы, алдыңғы осьтегі P3 қозғалтқышы және артқы осьтегі екі P4 қозғалтқышы кіреді.

Жүйе 830 кВт (1113 ат күші) жиынтық қуат өндіреді. Экстремалды жол жағдайларына арналған жабдықта электронды басқарылатын екі жұмсақ аялдату және артқы осьтегі механикалық қатты алдату қондырғысы қарастырылған.

Интеллектуалды басқару және шасси

Жол талғамайтын көліктерге арналған жасанды интеллектімен басқарылатын цифрлық шасси GVMC 3.0 көлікті басқару орталығы мен EEA 4.0 электрондық электр архитектурасы негізінде жұмыс істейді.

Ол жол жағдайын көліктен 30 метрге дейінгі қашықтықта сканерлей алады. Шасси жолсыз жерлерде жүруге арналған бірнеше режимді қамтамасыз етеді. Ал көліктің бұрылу диаметрі – 3,36 метр.

Электр жетегі IPX8 су өткізбеу деңгейіне ие. Бұл апатты жағдайда сырғу және эвакуациялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ жүйе шина тесілген жағдайда көліктің 140 км/сағ жылдамдыққа дейінгі тұрақтылығын бақылауға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік

Салонның жолаушылар бөлігінің қаңқасы жоғары беріктігі бар ыстықтай иленген болаттан жасалған. Ол термиялық кеңейетін көптеген түтіктерден тұратын жасырын қауіпсіздік қаңқасымен толықтырылған.

Көлікте күшейтілген «Aegis» жол талғамайтын аккумулятор жүйесі қолданылады. Оның құрамында көп қабатты қорғаныс және бастапқы соққыны рама арқылы сіңіріп, аккумулятор элементтерін қорғауға арналған полиуретанды оқ өткізбейтін төменгі тақта бар.

Айта кететін жайт, қазақстандықтар Geely-дің гибрид көлігін көбірек таңдай бастады.

Сондай-ақ оқыңыз