Непалда табиғи апаттан кейін екі қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Непалда екі қазақстандық турист іздестіріліп жатыр / фото: BBC

Непал мен Қытай шекарасы аймағында орын алған жойқын табиғи апаттан кейін Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұған дейін белгілі болғандай, олардың бірі туристік топтың құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастыруда, отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған», — деді СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Әлеуметтік желілерде із-түссіз жоғалған қазақстандық туристердің аты-жөні жарияланды. Олар – 1982 жылы туған Анна Щерба мен Ирина Блонская.

Айта кетейік, алғашқыда Непал шекарасынан Қытайға өткен жалғыз қазақстандық туристі іздеу жұмыстары туралы хабарланған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, аймақтағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 469 адамға жетіп, 800-ден астам адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр.

Сондай-ақ оқыңыз