Павлодарда күзетші алма ағашы астына кастрюльде 24 млн теңге тыққан

Павлодарда полицейлер жергілікті кәсіпорындардың бірінен 25 млн теңгеге жуық қаражаттың ұрлағаны туралы істі тергеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Ақшаның жоғалғаны туралы полицияға кәсіпорын өкілдері хабарлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті қарауыл болып шықты.
Бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінің аумағында тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер 24 млн теңге тапты. Күдікті ақшаны алма ағашының астындағы кастрюльге жасырған.
«Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақшалай қаражат заттай дәлелдеме ретінде қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», – деп хабарлады полициясы.
Күдікті қамауда отыр. Тергеу жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.