«Қайрат» кіммен ойнайды: КЛ жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 28 тамызда Монакода Конференция лигасының негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media. Жеребе қорытындысы бойынша алматылық «Қайраттың» турнирдің жалпы кезеңіндегі қарсыластары анықталады.
Жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Еске сала кетейік, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасынан бастаған еді. Алғашқы іріктеу кезеңінде «Қайрат» Черногорияның «Сутьеска» клубын екі матч қорытындысы бойынша ұтты (4:1). Екінші айналымда Кипрдің «Омония» ұжымын пенальти сериясында жеңді (1:1, пенальти бойынша – 6:5). Ал үшінші кезеңде Болгарияның «Левски» клубынан ұтылып қалды (0:2).
Бұдан соң Еуропа лигасының плей-офф раундына түскен «Қайрат» бельгиялық «Андерлехтке» жол беріп (ірі есеппен 0:6), Конференция лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
Турнирдің бұл сатысында барлығы 36 клуб бақ сынайды. Жеребе қорытындысы бойынша әр команда жалпы кезеңде 6 матч өткізеді: 3 ойын өз алаңында, 3 ойын сыртта өтеді.