Құрылтай депутаттары өз саласына жауап береді: комитет басшылары сайланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Серікжан Қобыланбаев

Құрылтайдың алғашқы сессиясында сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды.

Комитет төрағаларының кандидатураларын Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай ұсынды. Депутаттар ұсынылған кандидатураларға дауыс беріп, барлығын қолдады.

Нәтижесінде:

  • Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы;
  • Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
  • Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы;
  • Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы;
  • Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;
  • Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы;
  • Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ құрылтайдың тұрақты комитеттерінің мүшелері де сайланды.

Осылайша Құрылтайдың сегіз тұрақты комитеті өз бағыттары бойынша жұмысын бастайды.

Айта кетейік, Айбек Дәдебай Құрылтай спикері болып сайланды. Құрылтай депутаттары жасырын сайлау өткізіп, жаңа спикерді таңдады.

Бұған дейін оның кандидатурасын бұл қызметке президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз