«Шегінер жол жоқ»: Тоқаев елдегі реформалар туралы айтты

Құрылтайдың алғашқы сессиясында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталды.
Президенттің пікірінше, әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие: бір жағынан – қауіпті, зиянды, келешегі бұлыңғыр, ал екінші жағынан – прогрессивті, технологиялық, перспективті әрі адамзат тарихындағы елеулі бетбұрыс саналады.
«Мұндай жағдайда экономика, ғылым, әскери-дипломатия салаларында өзінің егемендігін нақты іспен қорғап, нығайтуға қауқарлы, ең маңыздысы, адам әлеуетін дамытатын мемлекеттер ғана жаңа дәуірге бейімделетіні баршаға түсінікті«, – деді ол.
Оның айтуынша, дәл осы себепті елді жан-жақты жаңғырту стратегиялық тұрғыдан маңызды.
«Мақтангершілік емес, әділін айтсақ, біз жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың қарқыны алдағы уақытта үдей түспесе, бәсеңдемейді. Қарапайым тілмен айтқанда, артқа шегінер жол жоқ. Бұл – елеулік жетістік», – деді президент.
Тоқаевтың сөзінше, жүргізіліп жатқан реформалардың күн тәртібінде қазіргі, тіпті келешектегі ықтимал жаһандық сын-қатерлер толық мейлінше ескерілген.
28 тамызда Астанада Қазақстан Республикасы бірінші шақырылымдағы Құрылтайының алғашқы сессиясы ашылды.