Талғарда 8 жастағы қызға сексуалдық әрекет жасаған ер адам ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
оқушы қыз
Фото: shutterstock

Алматы облысының Талғар қаласында 24 тамыз күні 8 жастағы қызға 40-50 жас шамасындағы бейтаныс ер адам тиіскен.

Туыстарының айтуынша, ол 3-сыныпқа баратын қызға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасамақ болған.

Кішкентай қыз велосипедпен  құрбысынан үйіне келе жатқанда «дөңгелегіңе тас тұрып қалыпты, алып тастайын» деп алдап тоқтатқан. Сосын автобус қалқасына апарып, аяқ киімін шешіп, денесін сипалап, жыныс мүшесін көрсетуді сұраған. Қыз бала қарсылық көрсетіп, жылаған соң, ұсталып қалудан қорқып, жіберген.

«Ол бірінші мәрте 121-баппен ұсталып, бір күн қамақта отырған. Іс қозғап, артынша, оны босатып жіберген. Ол адам өлімі бойынша 25 жылға сотталған адам болып шықты. Шыққанына үш жыл болыпты. Оның ағасы Талғарда заңгер екен. Біз қауіпті күдіктіні қалай босата салады деп дабыл қағып жатырмыз. Қайта шағымдандық. Ол қайта ұсталып қамалды», – дейді қыздың әкесі әкесі Дархан.

Мұның алдында Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас ауылында нан дүкенінің иесін пышақтап кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды.

Сондай-ақ оқыңыз