Үлкен Алматы көлі маңында тас құлады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Іле-Алатау ұлттық паркінде, Үлкен Алматы көлі маңындағы шамамен 2500 метр биіктікте тау жыныстары опырылып, тас құлады.

Оқиғаны сол маңда болған туристер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Олардың айтуынша, ауа райы ашық болғанына қарамастан, таудан кенеттен тастар құлап, айналаны қою шаң басқан. Туристер қауіпсіз қашықтықта болғандықтан, зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаны растады. Ведомство мәліметінше, №12 қар көшкіні жиналатын учаске маңындағы жартасты беткейден тас құлаған.

ТЖД табиғи құбылысқа тау жыныстарының табиғи үгілуі, температураның ауытқуы және жауын-шашын әсер еткенін хабарлады.

Құлаған тастар жолға дейін жетпеген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, нысандар бүлінбеген.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында үстіне тас құлаған турист ауруханаға жеткізілді

Сондай-ақ оқыңыз