Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы өмірге келген.
2020-2022 жылдары – Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі, 2022-2023 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап Мәдениет және ақпарат министрі, 2025 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары қызметін қатар атқарған.
Сонымен қатар Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.
Мұның алдында Тоқаев жаңа тағайындалған вице-президент Ерлан Қаринге бірқатар міндеттер қойды.