Алматы тауларында жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматы қаласының Аюсай шатқалында шамамен 2000 метр биіктікте ата-анасымен бірге серуендеп жүрген бала жоғалып кеткен.  

112 kz ақпаратына қарағанда, 2015 жылы туған баланы іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына шамамен 160 адам жұмылдырылды. Олардың қатарында ТЖД қызметкерлері, Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы, ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, Медеу орманшылығының орманшылары, ДСС еріктілері, әскери қызметшілер, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері және басқа да қызметтер болды», – делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және «Қазавиақұтқару» авиациясы тартылған. Іздеу жұмыстары жердегі топтармен қатар әуеден де жүргізілді.

Жаяу жүріп, дрондар мен кинологиялық есептоптың көмегімен Аюсай шатқалының 6 шақырымнан астам аумағы және Үлкен Алматы өзенінің арнасы тексерілді. Тікұшақ іздеу аумағын әуеден шолып шықты. Құтқарушылар мен еріктілерден құралған бірлескен топтың күшімен ақыры бала табылды.

Мұның алдында Алматы тауларында жоғалып кеткен жеті жастағы қыз құтқарылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз