Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ләззат Танысбай жаңа қызметке келді
Ләззат Танысбай жаңа қызметке келді / фото: Мәдениет және ақпарат минитсрлігі

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ләззат Танысбай тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары ол «Астана» телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ны және «Бірінші арна Еуразия» телеарнасын басқарды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

«Хабар» агенттігінің» басқарма төрағасы ретінде Ләззат Танысбайға агенттіктің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, оның негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту, сондай-ақ «24KZ» телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту міндеті қойылды.

«Хабар» агенттігін бүгінгі күнге дейін Кемелбек Ойшыбаев басқарып келген.

Айта кетейік, Ләззат Танысбай 2025 жылдың тамыз айында «Еуразия» телеарнасының басшысы болып тағайындалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз