Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады

Лионель Месси Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтайды, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
«Финалдан бері өткен уақыт пен ұзақ ойланудан кейін баршаңызға құрамадан кететінімді хабарлағым келеді. Бұл шешім жаныма батты және әлі де батып жүр, бірақ уақыттың келгенін түсінемін», – деп жазды Месси әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аргентина капитаны ұлттық құрама үшін әрдайым бар күш-жігерін жұмсағанын атап өтіп, 20 жылдан астам уақыт бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдірді.
«Өте аз уақыт қалды, кезеңдер бірте-бірте аяқталуға жақын, ал мына кезең маған ерекше ауыр тиіп отыр. Мен құрамада ойнағанды жақсы көрдім, жақсы көремін және әрдайым жақсы көрмекпін. Кеудем бос қалып, берер ештеңем қалмағандай. Бұдан бөлек, артымда осы орында ойнауға лайықты өте мықты жігіттер келе жатыр», – деп түсіндірді футболшы.
Месси енді құрамаға жанкүйер ретінде қолдау білдіретінін мойындады.
«Алаңда жүріп сіздерді есту мүмкіндігін өте қатты сағынатын боламын. Енді мен де сіздердей жанкүйер боламын. Жақсы күндерде де, әсіресе қиын сәттерде де команданы сырттай қолдаймын».
Сонымен бірге аргентиналық бұл үндеуді 21 шілдеде – әлем чемпионатының финалынан екі күн өткен соң жазғанын, бірақ ол кезде жарияламағанын нақтылады. Оның бұл шешімі әкесі Хорхе Мессидің қазасынан кейін түбегейлі бекіген.
«Бұл сөздерді мен 21 шілдеде, финалдан екі күн өткен соң жазған едім. Әкеммен орын алған жағдайдан кейін, бұл шешіміме бұрынғыдан да бетер сенімдімін», – деп қосты Месси.
Айта кетейік, 8 тамыз күні Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды.