Табысы азайған Air Astana былтыр Питер Фостерге 700 млн теңгеге жуық сыйақы төлеген

Air Astana әуе компаниясы 2025 жылы бас атқарушы директор болған Питер Фостерге 691,4 млн теңгеге жуық сыйақы төлеген. Бұл туралы әуе компаниясының қаржы есептілігі депозитарийіне жолдаған хабарламасында жазылған.
Фостердің былтыр алған сыйақысы бір жылда 30 пайызға өсті. 2025 жылы әуе компаниясы басшысына 525,34 млн теңге төледі.
Әуе компаниясын 2005 жылдан бері басқарған Питер Фостер 2026 жылдың наурызында қызметінен кетіп, сәуірде Қазақстаннан біржола көшті. 1 сәуірден Air Astana бас атқарушы директоры қызметіне түрік азаматы Ибрагим Жанлыел кіріскен.
Air Astana тобының 2025 жылғы таза пайдасы 72,5%-ға қысқарып, 13,6 млн АҚШ долларын құрады.
Таза пайданың азаюына Pratt & Whitney қозғалтқыштарына қатысты туындаған техникалық қиындықтар мен соған байланысты жоспардан тыс жөндеу жұмыстары себеп болған.
2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша акциялар пакеті келесідей бөлінген: компанияның негізгі үлесін (41%) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры иеленсе, акциялардың 37,53%-ы номиналды ұстаушы ретінде CITIBANK, N.A.-NY еншісіне тиесілі.