Әлемдік облигациялар жаппай сатылымға түсті

Жарияланды
фото: Reuters

Әлемдік облигация нарығындағы бағалы қағаздарды жаппай сату толқыны үдеп, олардан түсетін кіріс рекордтық деңгейге шықты. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстардың қайта өршіп, мұнай бағасының барреліне 90 доллардан асып кетуі себеп болған. Бұл жағдай жаһандық қор нарығына салмақ түсіріп отыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Жапонияда 10 жылдық мемлекеттік облигациялардың пайыздық табысы соңғы бірнеше онжылдықта алғаш рет 3%-ға жетті. Ал АҚШ-та 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірісі 4,78%-ға дейін өсіп, соңғы 1,5 жылдағы ең жоғары межеге шықты.

Reuters хабарлағандай, Франция мен Германияның мемлекеттік борыштық фьючерстері де құлдырауды жалғастырып жатыр.

BNP Asset Management компаниясының Токиодағы аға стратегі Рюутаро Кимураның айтуынша, Жапониядағы қарыз алу құнының қымбаттауына байланысты нарықта амалсыз мойынсұну мен дәрменсіздік көңіл-күйі байқалады.

Мұнай бағасының шарықтауы мен АҚШ пен Иран арасындағы текетірестің ушығуы инфляциялық қысымды арттырып отыр, ал бұл облигация нарығы үшін үлкен соққы. Федералды резерв жүйесінің төрағасы Кевин Уорш та соңғы мәлімдемесінде «егер баға өсімі бәсеңдемесе, реттеуші тарап қатаң шаралар қолдануға мәжбүр» болатынын меңзеді.

Сондай-ақ оқыңыз