Көшпенділер ойындары ашылуына спортшылар қандай киіммен келді – фоторепортаж

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Nomad games

Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Салтанатты ашылу рәсіміне 104 елден келген спортшылар қатысты.

Шара барысында әр елдің спортшылары өздеріне тән ерекше үлгіде киініп, ұлттық нақыш пен заманауи спорттық стильді үйлестіре білді. Бірі дәстүрлі ұлттық киіммен шықса, енді бірі заманауи спорттық форманы таңдаған.

фото: Nomad games

Мәселен Қазақстан құрамасы алаңға қанық көк түсті спорттық киіммен шықты. 

фото: Nomad games

Америкалық спортшылар ковбой стилінде шықты. Айта кетейік, Ковбой деп Солтүстік Американың (негізінен Батыс АҚШ пен Техастың) ауылдық аймақтары мен ранчоларында атқа мініп, ірі қара мал бағатын бақташыларды атайды.

Сауд Арабиясының спортшылары / фото: Nomad games
Моңғолия спортшылары / фото: Nomad games
Түркия құрамасы / фото: Nomad games
Өзбекстан құрамасы / фото: Nomad games
Испания құрамасы / фото: Nomad games

Айта кетейік, көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз