Қазақстаннан шетелге бір айда 56 млрд теңге аударылған

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қазақстаннан шетелге қанда ақша аударылды / Фото: shutterstock.

Қазақстандықтар сыртқа аударатын қаражат көлемі елге шетелден түсетін қаржыдан үш есе көп. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, шілде айында халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы Қазақстаннан шетелге 56,3 млрд теңге аударылған. Бұл маусым айымен салыстырғанда 13,5%-ға аз, деп жазады Kursiv.Media.

Жөнелтілген қаражаттың негізгі бөлігі Өзбекстан (20,3 млрд теңге немесе 36,1%) мен Ресейге (17,1 млрд теңге немесе 30,4%) кетті. Сондай-ақ Түркия, Грузия мен Қырғызстан да алғашқы бестікті түйіндеп тұр.

Ал шетелдерден Қазақстанға аударылған қаржы көлемі шілдеде 15,9 млрд теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда 13,1%-ға төмендеді. Елге келген қаражаттың басым үлесі АҚШ (2,95 млрд теңге) пен Ресейден (2,85 млрд теңге) түсті.

Сонымен қатар үздік бестікке Түркия, Өзбекстан және Германия кірген. Осылайша, елден сыртқа шыққан ақша көлемі ішке кірген қаражаттан үш есе артық болды.

Бұл саладағы көрсеткіштердің құлдырауына батыс елдерінің «Золотая корона» халықаралық төлем жүйесіне салған санкциялары әсер етті. Шілденің соңында күшіне енген бұл шектеу нарықтағы жалпы транзакция көлемін айтарлықтай азайтты.

Соның салдарынан «Золотая коронаның» Қазақстан нарығындағы үлесі төмендеп, оның орнын Western Union мен MoneyGram сияқты халықаралық жүйелер баса бастады.

Мамыр айында Қазақстаннан шетелге аударылған ақша сырттан түскен қаржыдан 3,6 есе көп болған.

Сондай-ақ оқыңыз