Абзал Төлебеков Жамбы атудан Көшпенділер ойындарының алтынын қанжығалады

Қазақстандық спортшы Абзал Төлебеков қырғыз стиліндегі жамбы ату пәні бойынша садақ атудан ең үздік нәтиже көрсетіп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Жоғары дәлдікті, мергендік пен шыдамдылықты талап ететін ұлттық спорт түрінен өткен жарыста Қазақстан құрамасының өкілі қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жамбы ату – спортшылар белгіленген нысаналарға тигізу дәлдігі бойынша бақ сынайтын дәстүрлі садақ ату түрі. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Абзал Төлебеков қырғыз стилінде өнер көрсетіп, қатысушылар арасында ең үздік нәтиже көрсетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел құрамасына кезекті алтын медальды сыйлады.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан спортшылары екі алтын алды.