Кептеліс пен көшедегі тулар: Алматы Лаос президентін қарсы алуға дайындалып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: видеодан скрин

Алматы тұрғындары Әл-Фараби даңғылы мен қаланың орталық көшелерінде үлкен кортеждер жүргенін, Лаос Халық Демократиялық Республикасының мемлекеттік тулары ілінгенін айтып, бейнежазбалармен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Отандық ресми органдар тарапынан әлі егжей-тегжейлі хабарлама берілмегенімен, бүгін, 2 қыркүйектен бастап Алматыға Лаостың ресми делегация өкілдері келе бастады. Ал Vientianetimes мәліметінше, Лаос президенті Тонглун Сисулиттің өзі Алматыға ресми сапарымен ертең, 3 қыркүйекте келеді.

Айта кетейік, Лаос президенті 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШҰҰ+) саммитіне қатысқан болатын. Осы сапардың жалғасы ретінде ол Қазақстанға ресми сапармен ат басын бұрмақ.

Екі күнге созылатын (3-4 қыркүйек) сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтіп, Қазақстан мен Лаос арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, 2026 жылдың шілде айында Лаос Шанхай ынтымақтастық ұйымына диалог бойынша әріптес мәртебесінде қосылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз