Қырғызстанда Ташиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Қырғызстанда Ташиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды / Фото: 24kg

Қырғызстан парламенті Максат Асаналиевті Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (ҰҚКД) төрағасы етіп тағайындауға келісті. Депутаттар бұл шешімге бірауыздан дауыс берді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

24.kg ақпаратына сүйенсек, Жоғарғы Кеңестің комитеті алдымен Асаналиевті бас прокурор лауазымынан босату және оның ҰМҚК басшысы қызметіне ауысуы туралы мәселені қарады. Содан кейін бұл мәселе парламент отырысына шығарылып, онда да депутаттар шешімді бірауыздан қолдады.

Енді Жоғарғы Кеңестің шешімі Асаналиевті ҰМҚК басшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қою үшін Қырғызстан президентіне жіберіледі.

Максат Асаналиев 2024 жылдың маусымынан бастап Қырғызстанның бас прокуроры лауазымын атқарған. 30 маусымда ол отставкаға өтініш берді. Осыдан кейін президент Садыр Жапаров оны ҰМҚК төрағасының міндетін атқарушы етіп тағайындады.

Ол бас прокурор лауазымынан кеткеннен кейін қадағалау ведомствосы басшысының міндетін уақытша атқару бірінші орынбасары Малик Бектургановқа жүктелді.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда күштік блокта кадрлық өзгерістер болған еді. Кейін ҰМҚК бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке билікті күшпен басып алу бабы бойынша үкім шықты.

Сондай-ақ оқыңыз