2027 жылғы бюджет болжамы: мұнай арзандап, теңге нығаяды

Қазақстанның мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер 2027 жылы 3,78 трлн теңгені құрайды. Бұл 2026 жылғы бағалаумен салыстырғанда 342 миллиард теңгеге аз. Бұл туралы Kursiv.Media 2027-2029 жылғы республикалық бюджет жоспарына сүйене отырып хабарлайды.
Қаржы ағынының қысқаруына мұнай бағасының арзандауы тікелей әсер етеді. Егер 2026 жылы бюджет жоспарында шикізаттың баррелі 85 доллар деп есептелсе, 2027 жылы бұл көрсеткіш 70 долларға дейін түскен.
Сондай-ақ бюджет жобасы 2027 жылы 96 млн тонна мұнай өндіріледі және доллар бағамы 480 теңгені құрайды деген болжамға негізделген. Ал 2026 жылғы бюджет доллар бағамы 540 теңге болады
Мұнай саласынан түсетін кірістің негізгі үлесі корпоративтік табыс салығы (30,4%), пайдалы қазбаларды өндіру салығы (24%), өнімді бөлісу үлесіне (29,6%) және рента салығына (10,5%) тиесілі.
Сыртқы сауда: Экспорт та, импорт та өседі
2027 жылы сыртқы тауар айналымы да өспек. Өткені халық пен бизнестің шетелдік тауарларға сұранысы артып отыр. Оған қоса, шетелдік құрал-жабдықтарды талап ететін ауқымды инвестициялық әрі инфрақұрылымдық жобалар импорт көлемін жоғары ұстайды.
Бюджет жобасына сәйкес, экспорт көлемі 2027 жылғы 82,8 млрд доллардан 2029 жылы 88,5 млрд долларға дейін артады. Ал импорт көрсеткіші дәл осы кезеңде 80,5 миллиард доллардан 88,4 миллиард долларға дейін жетпек.
Ұлттық қордан қанаш ақша бөлінеді
Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің хаттама жобасына сәйкес, үш жылда қордан 11,9 трн теңге алынбақ. 2027 жылғы алынатын ақша 4,43 трлн теңгені құраса, 2028 жылы 3,93 трлн теңгеге, ал 2029 жылы 3,5 трлн теңгеге дейін төмендейді.
Бұл ретте кепілдендірілген трансферт ретінде 2027 және 2028 жылдары жыл сайын 2,43 трлн теңгеден бөлінсе, 2029 жылы бұл көрсеткіш 2 трлн теңгеге дейін қысқарады.
Жобаға сәйкес, 2027 жылы АЕК, зейнетақы мен күнкөріс минимумы 8,5% өсуі мүмкін. Алайда ең төменгі жалақы тағы да 85 мың теңге деңгейінде қалмақ.