Болат Сапар көшпенділер ойындарында самбодан чемпион атанды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: ulttyqatsport.kz

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Аса ауыр салмақта, 98 келіден жоғары дәрежеде сынға түскен Болат Сапар турнир бойы жоғары шеберлік пен мұқалмас жігер көрсетті. Шешуші белдесулерде қарсыластарынан басым түсіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атағын жеңіп алды.

Сондай-ақ, Жандос Бейсенбаев 64 кг салмақ дәрежесінде самбодан қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында аударыспақтан 2 алтын, 1 күміс, таяқ тартудан 1 қола, жамбы атудан 1 алтын және арқан тартыстан 1 алтын медаль бар.

Сондай-ақ оқыңыз