Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімін шығару кейінге қалдырылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: видеодан кадр / YouTube/@Anna.Danchenko

Блогер, актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысы кейінге шегерілді Сондай-ақ отырыс енді жабық өтетін болды. Бұл туралы актерді сотқа тартқан Фариза Сабыралиеваның адвокаты айтты деп хабарлайды Kursiv Media

14 қыркүйек соңғы сот болады, жарыссөз болды. Бүгін сот бізге енді жабық түрде өтеді деп айтты. Журналистер қатыса алмайды. Адвокат ретінде оны қолдамаймын, себебі журналистердің жағынан қатені көріп жатқан жоқпын”, – деді сотта Фариза Сабыралиеваның адвокаты Мұхаммад Алиосман.

Еске салайық, осы жылы көктемде жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Сабыралиева экс-күйеуінің үстінен арыз жазып, тергеу басталған еді. Фаризаның сөзінше, Жақсыген оған жала жауып, өзінің және отбасының абыройына нұқсан келтіретін ауыр сөздер айтқан.

Бірақ сотта әзілкеш ол сөздерді жазбағанын айтып, кінәсін мойындаудан бас тартты. Егер сот актерді кінәлі деп тапса, үш жылға қамалуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз