Қазақстандағы алюминий шығаратын жалғыз зауыт таза пайдасын өзінде қалдырды

ERG холдингінің құрамындағы «Қазақстан электролиз зауыты» 2025 жылғы таза пайдасынан акционеріне дивиденд төлемейді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қор биржасындағы хабарламаға сәйкес, зауыт былтыр 80 млрд теңгеге жуық таза пайда тапқан. Осы пайда толық зауыттың өзінде қалады.
Қоғамның 2025 жылдағы 79 437 332 мың KZT мөлшеріндегі таза кірісі бөлінбесін, қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер есептелмесін және төленбесін» делінген хабарламада.
Қазақстандағы бастапқы алюминий өндіретін жалғыз зауыттың акционері – EKT Holding-і. Ал EKT Holding-тің түпкі иесі Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG ) компаниясы. Ал ERG-дің өзі былтыр Қаржы министрлігіне, Ибрагимовтар отбасы, марқұм Александр Машкевичтің мұрагерлері мен Патох Шодиевке тиесілі еді.
Биыл кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Патох Шодиев (18,6%) пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінен (20,7%) ERG-дің 39,3% акциясын сатып алған.
Зауыт Қазақстандағы ең ірі жеке компаниялардың арасында 18-орында тұр. 2024 жылы таза пайдасының 9,8 млрд теңгесін дивиденд ретінде төлеген.