Халық пен ірі кәсіпорындардың газға қарызы 100 млрд теңгеден асқан

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстандықтар газға 100 миллиард теңгеден астам қарыз
Қазақстандықтар газға 100 млрд теңгеден астам қарыз / фото: Piqsels

Қазақстандағы ірі кәсіпорындар мен халықтың газға төлемеген қарызы 102 млрд теңгеден асты. Соның 73,7 млрд теңгесі ірі электр станциялары мен коммуналдық мекемелердікі болса, ал халықтың газға берешегі 30 млрд теңгеге жуықтап қалған.

QazaqGaz Aimaq компаниясы Tengri Home басылымына 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы газ қарызының статистикасын ұсынды. Оған сәйкес, 2 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы тұтынушылардың тауарлық газ үшін жалпы қарызы 102,6 млрд теңгені құрады.

Ірі борышкерлер қатарында энергетика, жылу энергетикасы және коммуналдық сала кәсіпорындары бар.

Сонымен бірге халықтың газ үшін қарызы 3,07 миллиард теңгеге жетті. Қарыз 389,5 мың тұтынушыға тіркелген.

Ең көп берешек еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарына тиесілі. Алғашқы үштікке 1,17 миллиард теңге қарызымен Түркістан облысы кірді. Екінші және үшінші орында Шымкент қаласы (792,28 млн теңге) мен Қызылорда облысы (522,88 млн теңге) тұр.

Толық тізім келесідей:

  • Батыс Қазақстан облысы – 163,34 миллион теңге;
  • Алматы және Жетісу облыстары – 105,82 миллион теңге;
  • Маңғыстау облысы – 73,81 миллион теңге;
  • Қостанай облысы – 49,86 миллион теңге;
  • Астана қаласы – 46,23 миллион теңге;
  • Жамбыл облысы – 45,06 миллион теңге;
  • Алматы қаласы – 33,41 миллион теңге;
  • Ақтөбе облысы – 29,57 миллион теңге;
  • Қарағанды облысы – 21,34 миллион теңге;
  • Атырау облысы – 13,17 миллион теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2,44 миллион теңге.

Ал кәсіпорындарға келетін болсақ, ең үлкен қарыз «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС-ға тиесілі. Компанияның қарызы 36 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз