Қорғаныс және ішкі істер министрлері қызметтерінде қалды

Президент жарлығымен Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылары қайта тағайындалды. Тиісті Жарлықтар Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ержан Сапарбекұлы Сәденов ҚР Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды. Осылайша, министр қызметін әрі қарай жалғастыратын болды.
Дәурен Жұматайұлы Қосанов та ҚР Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке алғаш рет 2025 жылғы 8 маусымда тағайындалған болатын.
Осы уақыт ішінде Қорғаныс министрі қызметін 1 жыл 2 ай 26 күн атқарып келген Қосанов ведомство басшысы ретіндегі жұмысын әрі қарай жалғастыратын болды.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Мұның алдында президент Тоқаев Аида Балаеваны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындаған еді.