Таразда өрт кезінде 23 адам эвакуацияланды – бір адам құтқарылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: 112 kz

Бүгін Тараз қаласында «Жансая» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты.

112 пультіне пәтер балконының жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт үшінші қабаттағы балконнан басталып, төртінші және бесінші қабаттардың балкондарына тараған.

«Өртті сөндіру барысында үшінші қабаттағы пәтерден ер адам құтқарылды. Қазіргі уақытта ол жедел медициналық жәрдем бригадасының қарауында», – делінген өңірлік ТЖД ақпаратында.  

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 23 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялап үлгерген.

Ал Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 100 адам эвакуацияланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз