Тоқаев тағы алты министрді қайта тағайындады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Коллаж: kursiv.media, Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әділет, көлік, энергетика, оқу-ағарту, сауда және интеграция, өнеркәсіп және құрылыс министрлері қайта тағайындалды. Осылайша алты ведомствоның басшысы өз қызметінде қалды.

Әділет министрі

Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев ҚР Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Көлік министрі

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев ҚР Көлік министрі қызметін жалғастырады.

Энергетика министрі

Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов те Энергетика министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Оқу-ағарту министрі

Оқу-ағарту министрлігін 11 ай 5 күн басқарған Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова да қызметінде қалды.

Сауда және интеграция министрі

Арман Абайұлы Шаққалиев ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Сондай-ақ Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев та Өнеркәсіп және құрылыс министрі ретінде қызметін жалғастыра беретін болды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Шыңғыс Әріновтің орнына келді.

Мұның алдында Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевтті премьер-министрдің бірінші орынбасары, Жаслан Мәдиевті премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі етіп қайта тағайындады. Ал Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметінде қалды.

Сондай-ақ президент жарлығымен ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің басшылары да қайта тағайындалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз