Uber Лондонда роботакси қызметін іске қосты

Uber Лондонда жасанды интеллект арқылы басқарылатын көліктерді жолға шығарды. Бұл – компанияның Еуропада роботакси қызметін іске қосқан екінші қаласы деп хабарлайды Kursiv.Media Reuters-ке сілтеп.
Жаңа қызметте британдық Wayve компаниясы жасаған технология қолданылады. Алғашқы кезде көлікте қауіпсіздікті бақылап отыратын лицензиясы бар оператор болады. Кейін Uber көліктерді толық жүргізушісіз басқаруды жоспарлап отыр.
UberX, Uber Comfort немесе Uber Electric шақырған жолаушыға қосымша ақысыз Ford Mustang Mach-E келуі мүмкін. Қазір қызметте 20-ға жетпейтін роботакси бар. Толық жүргізушісіз такси қызметін іске қосу үшін Лондонда әлі бірнеше рұқсат алу қажет.
Wayve әзірлеген жүйе көлік жүргізу барысында тәжірибе жинап, жол жағдайына, ауа райына және жаңа бағыттарға бейімделе алады.
Uber мен Wayve 2024 жылдан бері серіктес. Компаниялар болашақта бұл технологияны басқа елдерде де қолдануды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, роботаксилер Қазақстанда да пайда болуы мүмкін. Осы жылы тамызда министрлік жүргізушісіз көліктерді такси ретінде пайдалануға рұқсат берді. Алғашқы жүргізушісз таксилер Астана, Алматы және Қосшы қаласында іске қосылады,