Қазақстанда азық-түлік бағасы арзандады

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы арзандады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Картоптың бағасы 3,2%-ға арзандап, республика бойынша орташа есеппен келісі 234 теңгені құрады.
Картоптың ең төмен бағасы Павлодарда тіркелді. Қостанайда оның бір келісі 183 теңгеден сатылды.
Сонымен қатар бір аптада пияз 7,2%-ға, сәбіз 4,6%-ға, ақ қырыққабат 3,1%-ға, алма 1%-ға арзандаған.
Ал қызанақтың республика бойынша орташа бағасы 546 теңге болды. Ең арзан қызанақ Таразда сатылып, оның келісі 315 теңгені құрады.
Ет өнімдерінің ішінде сүйекті сиыр етінің орташа бағасы 3 804 теңге, ал тауық етінің бағасы 1 746 теңге болды. Ел бойынша картоптың орташа бағасы 1 келі үшін 234 теңге болды. Ең төмен баға Павлодарда 169 теңге, ал Қостанайда 183 теңге деңгейінде тіркелді.
Тамыз айының басынан бері бағалар 0,2%-ға төмендеді.