«Соғысты тоқтатамыз»: АҚШ өкілдері Киевке келмек

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
украина россия и сша
/ Фото: ЖИ көмегімен жасалған

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Виткофф пен Джаред Кушнер Киевке бармақ.

Мұның алдында олар Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылаған.

Бұл туралы ВВС хабарлады. Ақ үйдің мәліметінше, олар Путинмен үш сағатқа созылған жабық кездесуде алдағы қадамдарды талқылаған. Кездесу «сындарлы әрі ашық» өткені айтылды. Алайда нақты қандай келісімдер жасалғаны әзірге белгісіз.

Бұл – Виткофф пен Кушнердің Киевке алғашқы сапары болмақ. Украина президенті Владимир Зеленский келіссөзге дайын екенін мәлімдеді.

Путин мен Зеленский бір-бірінің астаналарына жасалатын соққыларды үш күнге тоқтатуға келіскен.

Келіссөздер Ресей мен Украина арасындағы әуе шабуылдары күшейген кезеңде өтіп жатыр.

12 тамызда Украина Қара теңізде қазақ мұнайы тиелген танкерлерді атқылауды доғарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз