Әкесіне тартқан: Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы тойда бидің түбін түсірді 

Жарияланды
Арсен Алагөзов / Фото: холдинг Baiuly capital
Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы тойда бидің түбін түсірді / Фото: холдинг Baiuly capital

Желіде Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы Арсеннің тойда билеп жүрген видеосын қарындасы Амина Алагөзова жариялаған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Шымкенттегі сыра зауытын басқаратын Арсен Алагөзовтің биін әкесінікіне ұқсатқандар баршылық.  

«Шетелде оқып, сыра зауытын басқарсаң осылай билейсің. Әкесі сияқты билейді екен. Тұрсынғали сияқты билеп кетіпті», – деп жазған олар. 

Бұған дейін Арсен Алагөзов журналист Динара Сәтжанға сұхбат берді. Шымкенттегі сыра зауытын басқаратын Арсен әкесімен қарым-қатынасы, сегіз жылдық реніші туралы айтып берген. 

Ал Тұрсынғали Алагөзов ұлына не себепті сыра зауытын басқаруға бергенін түсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз