Алматы облысында екі баланы көлік қағып кетті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Алматы облысында екі баланы көлік қағып кетті
Алматы облысында екі баланы көлік қағып кетті / yandex.kz

Алматы облысындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде автокөлік екі баланы қағып кетті. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

almatinec_live Instagram-аккаунтында «Нұрия» ТҮК маңында аулаға шығып бара жатқан екі баланы көлік қағып кеткен сәттің видеосы жарияланды. Жергілікті тұрғындардың болжамынша, балаларды қаққан көлік сағатына 40 шақырымға жуық жылдамдықпен жүрген.

Алматы облыстық Полиция департаменті оқиға 4 қыркүйекте сағат 18:20 шамасында Талғар ауданының Бесағаш ауылында болғанын айтты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар әртүрлі дене жарақаттарын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемесіне жеткізілді. Полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен Chevrolet Cobalt автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісін жауапкершілікке тартты», – деп хабарлады өңірлік ПД.

Полиция жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін, әсіресе балалар жүретін тұрғын үй алқаптарында қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін Астанада екі жасқа толмаған баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз