Huawei Aito брендінің «уақыт мәшинесі» екенін терістеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Aito, бильд-редактор: Дастан Шанай

Huawei Aito автокөлік бренді көліктерінің VIN-нөмірлерінде болашақтағы шығарылым күндері көрсетілгені туралы қауесетті жоққа шығарды.

Сarnewschina ақпаратына қарағанда, Қытайдың әлеуметтік желілерінде Aito көліктері «уақытпен саяхаттай алады» деген әзіл-қалжың аралас ақпарат тараған. Жазбаларда Aito M6 көлігінің өндіріс күні ретінде 2026 жылдың қазаны көрсетілген VIN-тақтайшаның суреті жарияланған.

Aito компаниясының мәліметінше, бұл ақпараттың еш негізі жоқ. Шын мәнінде, көлік 2026 жылдың шілдесінде шығарылған, ал желіде тараған суреттер Photoshop немесе жасанды интеллект көмегімен өзгертілген.

Aito түпнұсқа VIN-тақтайшаның суретін де жариялады. Ондағы модель, шасси және қозғалтқыш кодтары тараған «болашақ» нұсқамен бірдей. Айырмашылық тек өндірілген күні, жарықтандыруы мен түсірілім бұрышында.

Компания қауесетке қатысты дәлелдер жинап, полицияға арыз бергенін мәлімдеді. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқандарға заң аясында шара қолдануға ниетті екенін жеткізді.

Айта кететін жайт, Huawei әлемдегі ең жоғары өнімді сериялық лидарды сатылымға шығарғанын жария еткен еді. Нысандарға дейінгі қашықтықты және олардың пішінін анықтауға арналған технология 896 сканерлеу сызығына ие.

Сондай-ақ оқыңыз