Оңтүстік Корея Қазақстанда ет өңдейтін цех салады

Жарияланды
Сиыр еті ірі қара еті
Ашылғанына екі ай болған компания ет өңдеу цехін салмақ/ фото: shutterstock

Оңтүстік Корея мен Қазақстан ет өңдейтін цех салуды жоспарлап отыр. Жобаны қазақстандық тараптан Samsar Investment жүзеге асырады. Құрылыс саласында тіркелген Samsar holding limited жеке компаниясы екі ай бұрын ғана ашылған. Жетекшісі ретінде Нұрлан Әбіш көрсетілген. Ол Ғылым қорында да қызмет еткен, деп хабарлайды Kursiv.Media.   

Екі тараптың жобаға салатын инвестициясы 1,3 млн АҚШ долларын құрайды. Алматыда өткен Қазақстан–Корея бизнес форумында келісім жасалған. Сонымен қатар Қазақстан Кореяға 13 млн доллар тұратын 1 мың тонна сиыр етін экспорттауды жоспарлап отыр. Samsar Investment кореялық нарыққа ай сайын 3 мың тонна тазартылған күнбағыс майын жеткізу жөнінде де келісімге келген.

Бизнес форумға Қазақстан мен Кореядан 200-ден астам компания өкілі қатысып, жалпы құны 54,8 млн доллар болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Қазақстан мен Корея арасындағы сауда көлемі де өсіп келеді.

2025 жылы тауар айналымы 3,17 млрд долларды құрап, бір жылда 1,3%-ға артты. Ал 2026 жылдың қаңтар–маусымында көрсеткіш 1,3 млрд долларға жетіп, Қазақстанның Кореяға экспорты 17,2%-ға өскен. Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтің айтуынша, ел үшін тек сауда көлемін ұлғайту емес, қосылған құны жоғары дайын өнім экспортын арттыру маңызды.

Тағы да оқыңыз: Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмысқа қалай баруға болады

Сондай-ақ оқыңыз