Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды

Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді. Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.
Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық челленджі өтеді.
Айта кететін жайт, кеңес заманында төрт-бес емес, алты және одан да көп баланы өсіріп, төсбелгі таққан аналардың жәрдемақысына қатысты даулы мәселені Конституциялық сот сарапқа салмақ.