Соғыс қысқа дейін созылуы мүмкін – Зеленский

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен соғыс әзірге қысқа дейін созылуы мүмкін екенін айтты.

Euronews ақпаратына қарағанда, ол бұл туралы Киевте АҚШ делегациясымен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеген.

«Америкалық серіктестермен келісімге келеміз деп үміттенеміз. Соғыс қысқа созылса, Еуропаның қолдауына сенеміз», – деді Зеленский.

АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Киевке алғаш рет барып, келіссөздерді оң бағалады. Алайда тараптар соғысты тоқтатуға қатысты нақты келісім немесе серпіліс жариялаған жоқ.

Уиткофф келісімге келу үшін қос тарап та ымыраға баруы керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, келіссөздер мазмұнды әрі маңызды болған. АҚШ бұл жұмысты жалғастыруға ниетті.

Зеленский Ұлыбритания, Германия және Франция өкілдерімен де келіссөздер жалғасып жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Уиткофф пен Кушнер Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Кейін олар Киевке пойызбен барған. Ақ үй өкілінің мәлімдеуінше, Мәскеудегі кездесуде алдағы апталарда жариялануы мүмкін нақты жоспарлар талқыланған.

Сондай-ақ оқыңыз