Қазақстандағы орташа жалақы кейінгі бес жылда қалай өзгерді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Орташа жалақы қанша / Фото: shutterstock.

Үкіметтің есебі бойынша, 2021-2025 жылдар аралығында Қазақстандағы орташа атаулы жалақы 268 мыңнан 429,4 мың теңгеге жеткен. Бұл туралы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жазылған деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ал биыл бір тоқсанның өзінде орташа жалақы бірден 31 мың теңгеге өсіп, 461 мыңнан асқан. 2025 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда бірден 9 пайыз өсім көрсетті.

ЖАЛАҚЫ

Қазақстандағы орташа айлық жалақы

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

2026 жылғы I тоқсан 461 486 ₸
▲ 9,1% бір жылда
Өткен жылдың тиісті кезеңіне өзгеріс
2019 +14,8%
2020 +4,4%
2021 +15,3%
2022 +12,2%
2023 +16,9%
2024 +11,3%
2025 +10,0%
2026 +9,1%

Дегенмен елде орташа атаулы жалақы өскенімен, сарапшылар халықтың нақты табысы артып жатқан жоқ деп тұжырымдайды. Өйкені жалақының өсімін елдегі қымбатшылық «жеп жатыр».

Сондай-ақ оқыңыз