Төрт жылға созылған соттан кейін Алматыдағы заңсыз аялдама сүрілетін болды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің редакторы
фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігі Төле би көшесінің оңтүстігінде, Момышұлы көшесінің шығысындағы аялдама кешенін бұзып жатыр. Нысан заңсыз салынған деп хабарлайды Kursiv Media әкімдікке сілтеме жасап.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, нысанды бөлшектеу сот шешімін орындау мақсатында жүргізіліп жатыр. 2022 жылғы 19 шілдеде рұқсат құжаттары жоқ деген себеппен ведомство аялдама кешенін бұзу туралы сотқа жүгінген. Іс бірнеше жылға созылған.

Сот Алматыдағы нысанды бұзу туралы шешім шығарған. Кейін бұл шешімді Алматы қалалық соты да өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін нысанды бұзу туралы құжаттар Әділет департаментіне жіберілді.

Қазір сот орындаушыларының қатысуымен аялдама кешенін бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аялдама кешені тұрғындарға жақсы таныс. Ұзақ жыл бойы бұл жерде шағын дүңгіршектер, дүкендер жұмыс істеп тұрған.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласында ондаған заңсыз нысан сүрілді

Сондай-ақ оқыңыз