Алматыда қоғамдық көлік ақысы 120 теңге, ал өзге қалаларда қанша

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
өңірлердегі қоғамдық көлік / фото: ЖИ

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны айтарлықтай ерекшеленеді. Көлік картасы немесе QR арқылы төлем жасағанда ең жоғары тариф Алматы мен Қонаев қалаларында тіркелген – 120 теңге. Kursiv Media статистика бюросынының тамыздағы деректеріне сүйене отырып елдегі ірі қалаларда қалалық автобустағы жол ақысын салыстырып көрді.

Алматыдағы жолақы орташа деңгейден жоғары

Қазақстан бойынша қалалық автобустағы орташа жол жүру құны 101 теңгені құрайды. Алматыдағы тариф бұдан 19 теңгеге жоғары.

Астанада автобуспен жүру 110 теңге болса, бірқатар қалаларда жолақы 100 теңге деңгейінде белгіленген. Олардың қатарында Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Павлодар, Петропавл және Тараз бар.

Алматыда автобуспен жүру – 120 теңге

Қалалық автобуста көлік картасы және QR арқылы төлеу құны, теңге
Алматы
120 ₸
Қонаев
120 ₸
Астана
110 ₸
Көкшетау
100 ₸
Қарағанды
100 ₸
Қостанай
100 ₸
Орал
100 ₸
Павлодар
100 ₸
Петропавл
100 ₸
Тараз
100 ₸
Өскемен
90 ₸
Қызылорда
85 ₸
Ақтөбе
80 ₸
Атырау
80 ₸
Жезқазған
80 ₸
Семей
80 ₸
Талдықорған
80 ₸
Шымкент
70 ₸
Ақтау
70 ₸
Түркістан
70 ₸
Дерек: ҚР Ұлттық статистика бюросы

Ең арзан жолақы қай қалаларда?

Берілген мәлімет бойынша қоғамдық көлік ең арзан қалалар – Шымкент, Ақтау және Түркістан. Бұл қалаларда көлік картасы немесе QR арқылы автобуспен жүру 70 теңге тұрады.

Яғни ең жоғары және ең төмен тариф арасындағы айырмашылық 50 теңгеге жетеді. Алматыдағы бір реттік жол жүру құны ең арзан қалалармен салыстырғанда шамамен 1,7 есе қымбат.

Сондай-ақ оқыңыз