Қарашада «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 2020 жылғы 1-қыркүйекке қарай, Қазақстандағы орта білім беретін барлық оқу мекемелері бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етіледі деген уәде берген-ді. «Қазақтелеком» қазірдің өзінде барлық жерлерге бұлтты бейнебақылау жүйелерін енгізіп жатыр. Ол не үшін керек?